Алматы қ. 4-ықш.ауд. 74А
      
info@educon.kz
8(727) 277 11 07
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Басылымдар
  • Семинарлар
    • Павлодар
    • Орал
    • Жас педагог
  • iQanat
  • Галерея

Ақпараттық хат

«EduCon» компаниясы 2018 жылдың 18 – 22 маусым аралығында 3-курс бітірген педагогикалық мамандықтарда білім алып жатқан студенттерге арнайы «Жас педагог» атты республикалық жас мамандарды жетілдіру семинарын өткізеді.

«Жас педагог» атты республикалық семинардың мақсаты: жас мамандарға кәсіптік шеберлігін, оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін, әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас маманға өзін-өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын арттыру.

Семинар өткізілетін мекенжай: Алматы қ., Әуезов ауданы, 4-ы/а, 74а-үй, Оқу-әдістемелік бөлімі, тел. 8/7172/ 29-49-98, e-mail: educonkz@gmail.com


Семинарға қатысу туралы сұранысты а.ж. 7 маусымына дейін төмендегі сілтеме бойынша (анкетаны толтыру арқылы) жіберуіңізді сұраймыз:

Тіркелу үшін басыңыз


Ұйымдастыру комитеті

Education Consulting

«Education Consulting» ЖШС – Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына оқу құралдары мен тест тапсырмаларын әзірлеуде көп жылдық тәжірибесі бар білім және кеңес беру компаниясы. «Education Consulting» компаниясы білім саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс атқарып келе жатқан білікті мамандар тобымен құрылған. «Education Consulting» білім беру бағдарламалары бойынша тест тапсырмаларын әзірлеуде әрі ұсынылып отырған өнімнің сапасын үздіксіз жетілдіруде. Оқушылардың тапсырманы толық түсінуі және меңгеруі үшін тест тапсырмаларында сурет, кесте және сызбалар қолданылады. Сонымен қатар, «Education Consulting» компаниясы «Достық» білім беру орталықтарымен келісімшарт негізінде тығыз жұмыс жасайды және жалпы білім беретін мектептер мен білім беру орталықтарына өз қызметтерін ұсынады.